Skip to content

📌 «Қыз бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында ашық диалог…

📌 «Қыз бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында ашық диалог өтті.

Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қыз балалардың қоғамдағы орны мен құқықтарын түсіндіру мақсатында «Қыз бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында ашық диалог ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қыз балалардың құқықтары, қауіпсіздігі, өзін құрметтеу, қоғамдағы жауапкершілігі мен мүмкіндіктері туралы маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара барысында оқушыларға әр адамның құқығы қорғалуы тиіс екені, қыз баланың да қоғамда тең құқыққа ие екені түсіндірілді. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, өз құқықтарын білуіне және қорғауына ықпал етеді.

✨ Қыз баланың құқығын қорғау – әділетті қоғамның негізі.