«КИБЕРСАҚ» АЙДАРЫ🚨
🚔«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік желідегі «КиберСақ» айдарының 2-бөлімі / 1-шығарылымы жарық көрді.
🚨Бұл шығарылымда соңғы уақытта жиі кездесетін күмәнді сілтемелердің қаупі, сондай-ақ сол сілтемелер арқылы азаматтардың әлеуметтік желідегі аккаунттарын бұғаттау және иемденіп алу тәсілдері туралы нақты ақпарат берілді.
🔜Айдардың тұрақты спикері — Ақтөбе облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жанибек Асылбекұлы. Спикер интернет кеңістіктегі алаяқтардың әрекеттерін түсіндіріп, жеке деректерді қорғау жолдары бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.
🎯 Айдардың мақсаты — тұрғындардың киберқауіпсіздік сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық түрлері туралы алдын ала ескерту және азаматтарды цифрлық кеңістікте сақ болуға үйрету.
❗️Бейтаныс сілтемеге өтпеңіз, жеке деректеріңізді қорғаңыз және күмәнді әрекеттерге тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
#AQTOBEJASTARY
KZ

