Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 10 маусым – 31 тамыз аралығында «E-gov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті баланың тек ата-анасы ғана (заңды өкілдері) бере алады. Өтініш беру үшін ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба), PDF түрінде (файлдар көлемі 5 Мб-тан аспауы тиіс) сканерлеу арқылы электрондық нысанға түрлендірілген құжаттар топтамасы болуы қажет.
Құжаттар топтамасы:
- Баланың 052-2/у нысандағы денсаулық паспорты
- 065/у нысандағы профилактикалық екпелер картасы
- Баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда)
Өтінішті қабылдау тәртібі:
Бірінші кезекте № 17 гимназияның қызмет көрсететін аумағынан өтініш берген алғашқы 3 (үш) үміткер, содан кейін – бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс және толық құжаттар топтамасы бар 1 (бір) үміткер қабылданады.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

«№ 17 гимназия» КММ әкімшілігі
KZ
