Skip to content

📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 1 сәуірден бастап…

📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірден бастап «№17 гимназиясында» КММ-сінде 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-аналардан құжаттарды алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеу сұралады. Сыныптардың толуына байланысты қабылдау ертерек аяқталуы мүмкін.
🔹 Өтініш беру электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:
egov.kz
🔹 Қажетті құжаттар: ✅ Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны). 2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электрондық форматқа ауыстырылған;
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
✅ Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
🔹 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
❗ Қабылдаудан бас тарту себептері: — сыныптардың толып кетуі;
— ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыс болмауы немесе жалған болуы.
📍 Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Ағ. Жұбановтар көшесі, 291А
☎ Байланыс телефоны: 46-04-63