2026 жылдың 27 ақпанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында кәсіптік бағдар беру саласының мамандарына арналған Республикалық форум өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің педагогикалық білім беруді дамыту және сапалы педагог кадрларды даярлау жөніндегі басым бағыттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Форум барысында кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру, тәжірибе алмасу, білім алушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кәсіби өзін-өзі анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

KZ
