Бүгін гимназиямызда құқық саласындағы сарапшылардың қатысуымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері үшін көзделген қылмыстық жауаптылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, жеке қауіпсіздікті сақтау тетіктері және құқықтық көмек алу мүмкіндіктері жөнінде нақты ақпарат берілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды. Шара жастар арасында заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
KZ

